Израильдің Газадағы соққысынан 5 журналист қаза тапты

141

Таяу Шығыста қақтығыс басталғалы 141 журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапқан.

Израильдің Газадағы соққысынан 5 журналист қаза тапты Фото: Reuters

Израильдің Газа секторының орталық аудандарына жасаған соққысынан кем дегенде бес журналист қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Телеарнаның жергілікті аурухана мәліметіне сүйене отырып хабарлауынша, Al-Quds Today Television телеарнасының сектордағы Al-Awda ауруханасы маңында тұрған автомобиліне бомба түскен.

Жергілікті журналистердің айтуынша, шабуыл кезінде телеарна журналистері Айман Әл-Джади, Фейсал Әбу Әл-Кумсан, Мұхаммед Әл-Ладаа, Ибрагим Әл-Шейх Әли және Фади Хассуна осы көлікте ұйықтап жатқан. Өртенген автокөлік есігінде үлкен әріптермен "TV" және "PRESS" деп жазылған. Al-Quds Today шабуылды айыптап, бес тілшісі "кәсіби қызметін атқарып жүрген уақытта қаза тапты" деп мәлімдеген.

Израиль әскерилері сектордағы Нусейрат ауданында "содырлар ұясына" шабуыл жасағанын растады.

Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) мәліметінше, былтыр 7 қазаннан бері Газа секторында, Батыс жағалауда, Израиль мен Ливанда кем дегенде жүзден аса журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу