Израильдің Газаға шабуылы бірнеше журналистің өмірін жалмады

Олар – Al Jazeera телеарнасының түсірілім тобы мүшесі. 

Израильдің Газаға шабуылы бірнеше журналистің өмірін жалмады Фото: РИА Новости

Al Jazeera арнасы бомбалау басталғалы бері Израиль әскері 200-ден астам журналист пен медиа қызметкерін, туыстарын өлтіргенін мәлімдеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл жолы Израиль "Аш-Шифа" ауруханасының жанындағы тілшілердің қонысына қасақана шабуыл жасаған. Соның салдарынан журналистер Анас әл-Шариф пен Мұхаммед Крейке, екі оператор Ибрагим Захер, Мұхаммед Нуфал қаза тапты.

Медиажелі шабуылдың негізгі нысанасы 28 жастағы әл-Шариф болғанына болжам жасайды.

– Журналистердің шатырын атқылау салдарынан барлығы жеті адам көз жұмды. Жақында Al Jazeera медиажелісі Израиль әскерін өз тілшілеріне, әсіресе аш-Шарифке қарсы "арандату науқанын" жүргізді деп айыптады, – деген ақпарат тарап жатыр.

Израиль әскері соғыс бастағалы бері "Газа секторындағы палестиналық журналистерді ХАМАС-қа қатысы бар" деп жиі айыптайды. Дегенмен, адам құқықтарын қорғаушылар мұны Израильдің өзіне тиімсіз репортаждар жасаған тілшілерді тұқырту әрекеті деп есептейді.

БАҚ еркіндігін қорғау тобы мен БҰҰ сарапшысы осыған дейін аш-Шарифтің Газа жайлы репортаждары үшін өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан еді.

Бірнеше күн бұрын Газа секторындағы соңғы сұмдық статистикалық деректерді жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу