Қазақстан Президенті жариялаған "Еріктілер жылы" аясында, сондай-ақ Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 28 жыл толуына орай Израиль мемлекетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Елшілік "Клуб Добряков" қайырымдылық ұйымына қолдау көрсетті, ал дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері өз күштерімен азық-түлік пакеттерін жинады.
Израильдің Қазақстандағы Елшісі Лиат Вексельман Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың #Бізбіргеміз бастамасына қолдау көрсетіп, мұндай қиын кезеңде қоғамның осал топтары айналадағылар тарапынан көмекке мұқтаж екенін атап өтті.⠀