Израильдің кезекті шабуылынан Газада 40 адам мерт болды

155

Кем дегенде бес зымыран соққысы жасалды.

Израильдің кезекті шабуылынан Газада 40 адам мерт болды Фото: Mahmoud Zaki / XinHua / Global Look Press

Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнистегі Әл-Маваси ауданы бойынша Израильдің шабуылы кезінде кем дегенде 40 адам қаза тапты, тағы 60 адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты "Әл-Ақса" телеарнасының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Хан Юнистің шетіндегі қырғыннан 40 адам қаза тауып, 60 адам жараланды", – делінген хабарламада.

"Әл-Ақса" хабарлағандай, израильдік ұшақтар Осман бен Аффан мешітінің жанындағы шатырларға шабуыл жасады. Куәгерлердің айтуынша, кем дегенде бес зымыран соққысы болған. Нәтижесінде өрт шығып, адам денелері мен шатырларды құм басты, көбісі үйінділердің астында жоғалып кетті.

Израиль армиясы "біраз уақыт бұрын" елдің әскери-әуе күштері "Хан Юнистегі гуманитарлық аймақта орналасқан командалық-бақылау орталығында жұмыс істеген ХАМАС террористерінің айтарлықтай санына соққы берді" деп хабарлады. Олар әуе күшін қолднабас бұрын Израиль тарапы "бейбіт тұрғындарға зиян келтірмес үшін" шаралар қабылдағанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу