Йемендік “Ансар Алла” көтеріліс қозғалысының хуситтері Израильдің Эйлат қаласындағы әскери нысандарды атқылай бастады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Al Masirah телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Al Masirah телеарнасының хабарлауынша, хуситтер баллистикалық зымырандарды ұшырған. Сондай-ақ, олар Израильдің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина халқына қарсы агрессиясы аяқталғанша әскери операцияларын жалғастыратындарын растады.
Бұған дейін, Йемендік "Ансар Алла" тобының өкілдері Қызыл теңізде израильдік "Galaxy Leader" кемесін басып алған болатын.
Олардың мәлімдемесі бойынша, Израиль Газа секторындағы операцияны тоқтатпайынша, кеме босатылмайды.