5 сағатқа созылған кездесуде екі жақ бір-біріне ерекше сый берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2024 жылдың қыркүйек айында Ливанның әртүрлі бөлігінде байланыс құрылғыларының, яғни пейджерлер мен рациялардың жарылысы болды. Одан 37 адам қаза тауып, 3 мыңнан астам адамның жараланғаны айтылады. Ливандағы "Хезболла" ұйымы жарылыстарға Израильді айыптады. Десе де, олар бастапқыда бұл операцияға қатысы бар екенін ресми түрде мойындамаған, кейін Гендельман ТАСС агенттігіне Ливандағы байланыс құрылғыларын жару операциясын Нетаньяхудың жеке өзі мақұлдағанын жеткізді.
Сонымен, Израиль Премьер-министрі 4 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуде оған "Хезболлаға" қарсы операциядан естелік ретінде "жай және алтын жалатылған" екі пейджерді сыйға тартты.
Дональд Трамп мұны "ауқымды операция" деп мәлімдеген.
– 4 ақпан күні Нетаньяху мен Трамптың кездесуі бес сағатқа созылды және АҚШ президентінің Премьер-министрді Ақ үйдің сыртында өзі қарсы алуынан басталды.
– Бұл тарихи сапар болды, бірақ бәрінен бұрын бұл Америка президенті мен Израиль премьер-министрі арасындағы тарихтағы ең достық кездесу болды, – дейді Биньямин Нетаньяху кеңсесінің кеңесшісі Гендельман.
Оның сөзінше, Трамп "премьер-министрге "Биби – (Беньямин Нетаньяху) ұлы көшбасшы" деген қолтаңбасы бар фотосурет берген.
– Кездесу барысында Нетаньяху Трампқа "Израильге соғыс кезінде қару-жарақ жеткізуге қойылған шектеулерді алып тастағаны үшін, сондай-ақ Израиль мен оның премьер-министріне сөзсіз қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, – деп атап өтті Гендельман.
Нетаньяху АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату және басқа да аймақтық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізетінін жеткізді.