Израильдің Раанана қаласындағы шабуылдан бір адам қаза тауып, 17 адам жараланды

Екі қылмыскер ұрланған көліктерде жәбірленушілерді пышақтап, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. 

Израильдің Раанана қаласындағы шабуылдан бір адам қаза тауып, 17 адам жараланды Фото: pixabay.com

Израильдің Раанана қаласында екі палестиналық бір адамды өлтіріп, кем дегенде 17 адамды, оның ішінде жеті баланы жаралады. Екі қылмыскер де ұсталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері, дәрігерлер мен куәгерлердің айтуынша, шабуыл кезінде қылмыскерлер – Израильде заңсыз жұмыс істеген Батыс жағалаудағы екі Палестина азаматы үш көлікті басып алып, қаланың бірнеше жерінде жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Сондай-ақ, олар бір немесе бірнеше жәбірленушіні пышақтап кеткен. Мейр ауруханасында ауыр халде жатқан 70 жастағы әйелдің алған жарақатынан қайтыс болғаны хабарланды.

"Маген Дэвид Адом" мекемесінің мәліметтеріне сәйкес, жараланғандар арасында кем дегенде екі адам ауыр халде жатыр. Оның ішінде 34 жастағы ер адам мен 16 жастағы жасөспірім бар. Сонымен қатар, жағдайы орташа ауырлықтағы тоғыз адам және тағы алты адамның жеңіл жарақат алғаны дәлелденді. Жеті бала мен жасөспірім Шнайдер ауруханасына орташа ауырлықта жеткізілді. Олардың кейбіреулері бастапқыда жеткізілген Бейлинсон ауруханасынан басқа жерге ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу