Израильдің шешімі Трампқа жақпай қалды

370

Ақ үй басшысы бұл жолы өзінің ұстанымын ашып айтты.  

Израильдің шешімі Трампқа жақпай қалды Фото: РБК

АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы басып алған жерлерді аннексиялауына қарсы екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

"Мен Израильге Батыс жағалауды аннексиялауға жол бермеймін. Ол іс жүзіге аспайды", – деді Ақ үй басшысы.

Трамп бұл мәселені Израиль премьер-министрі Нетаньяхумен талқыладыңыз ба, деген тілшілердің сауалына екіұдай жауап қайтарды.

"Онымен сөйлестім бе, жоқ па бұл маңызды емес. Тоқтайтын уақыт келді", – деп қысқа қайырды ол.

Ал Франция, Ұлыбритания, Канада және Аустралия сияқты бірнеше елдердің Палестинаны ресми мемлекет ретінде мойындауы Биньямин Нетаньяхуға ұнамай қалды. Ол бұл шешімге қарсы шығып, Иордан өзенінің батысында палестиналық мемлекет құрылмайтынын айтып, ол жерде еврей қоныстарын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.

Айта кету керек, бұған дейін әлемдегі 160-қа жуық ел Палестинаны мойындағанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу