Израильдің Сирияға жасаған шабуылынан Иран генералы қаза тапты

350

Бұл арнайы күштердің барлау қызметінің командирі генерал болған Юсеф Омид Заде.

Израильдің Сирияға жасаған шабуылынан Иран генералы қаза тапты Фото: alhadath.net

Израильдің Дамаскіге жасаған әуе шабуылынан Иран генералы мен Ислам революциясының сақшылар корпусының тағы 3 әскери кеңесшісі қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews басылымына сілтеме жасап.

Сенбі күні Иран Ислам революциясының сақшылар корпусының мүшесі Израильдің Сирия астанасына жасаған шабуылы салдарынан қайтыс болды.

Mehr Иран ақпараттық агенттігінің мәліметінше, бұл арнайы күштердің барлау қызметінің командирі генерал Юсеф Омид Заде.

Зымыран шабуылдары Иран әскери кеңесшілері тұратын ел астанасының батысындағы Меззе ауданындағы үйлердің біріне жасалған. Генералдан бөлек тағы бірнеше ирандық офицер, сонымен қатар Сирия әскери күштері де қаза тапты. Олардың нақты саны көрсетілмеген.

Ислам революциясының сақшылар корпусы 4 әскери кеңесшісінің қаза тапқанын растады. 

"Қылмыстық сионистік режим тағы да Сирияның астанасына басып кірді. Салдарынан бірнеше сириялық әскери қызметші, Иран Ислам Республикасының 4 әскери кеңесшісі көз жұмды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Израиль Дамаскіге әуе шабуылдарын жасағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу