Зымырандардың көпшілігін Әуе қорғанысы жүйесі ұстап алды, деп хабарлайды inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.
Израиль қорғаныс Армиясы (ЦАХАЛ) эабарлауынша, бейсенбіге қараған түні Израильге Газа секторынан оқ жаудырылды. Ел аумағына 6 зымыран атылған, оның 5-і әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесімен ұсталды, тағы біреуі ешкім тұрмайтын бос жерге құлаған.
Сонымен бірге Палестина территориясындағы куәгерлер 8 зымыранның ұшырылғаны туралы айтты, деп хабарлайды AFP агенттігі. Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.
Бір күн бұрын Израиль әскери күштері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблуста операция ұйымдастырды. ЦАХАЛ батыс жағалаудағы шабуылдарға қатысқан радикалды палестиналық топтардың өкілдерін ұстауды мақсат тұтқан. Операция барысында үш күдікті өз еркімен берілуден бас тартып, Израиль әскери күштеріне оқ жаудырды, бірақ атыс салдарынан қаза тапты, деп түсіндірді Израиль қорғаныс Армиясы.
Сонымен бірге Палестина тарапы кем дегенде 11 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. 80-нен астам адам жарақат алды, деп хабарлады Палестина ұлттық автономиясы.