Вашингтонда АҚШ Конгресінің ғимараттарының бірінде наразылық білдіргені үшін 200-ге жуық адам қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Капитолий полициясына сілтеме жасап.
"Өкілдер палатасының кеңселері ғимаратының ішінде 200-ге жуық адам қамауға алынды", – делінген полиция хабарламасында.
Израиль премьері Биньямин Нетаньяхудың Вашингтонға алдағы сапары қарсаңында ғимаратта бірнеше жүз адам Израильге қару-жарақ жеткізуге наразылық білдірді.
Израильге 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС содырлары шабуыл жасады. Олар шекаралас аудандарға еніп, әскерилер мен қарапайым азаматтарға оқ жаудырып, 200-ден астамын кепілге алды. Биліктің мәліметінше, 1,2 мыңға жуық адам қаза тапқан.