Израильге келген иммигранттардың жартысынан астамы ресейліктер

624

Украина жеріндегі қақтығыстар басталғалы бері қырық мыңға жуық адам Израильге Украинадан, Ресейден және Беларуссиядан көшіп келді. 

Израильге келген иммигранттардың жартысынан астамы ресейліктер

Жыл басынан бері Украинадан, Ресейден және Беларуссиядан келген 38 202 жаңа иммигрант Израильге кіріп, осы елдің азаматтары атанды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі иммигранттардың жалпы санынан 148%-ға көп, деп хабарлады Times of Israel басылымына иммиграция және қабылдау министрі Пнина Тамано-Шата.

Сонымен қатар Израильге еврейлерді қабылдау ережелеріне сәйкес Израиль азаматтығын алуға құқығы жоқ 38 500-ге жуық украин босқындары кірді. Олардың тек 13 700-і Израильде қалды.

2022 жылы жаңа иммигранттардың жартысы ресейліктер болды. 23 789 Ресей азаматы Израильде қоныс аударуға өтініш берді. Биыл Украинадан 13 097 және Беларуссиядан 1316 адам израильдік азаматтық алды.

Ресейде, министрдің айтуынша, ондаған мың еврейлер Израильге иммиграцияға рұқсат күтуде, бірақ ол үміткерлердің нақты санын атаған жоқ.

Тамано-Шата басылымға оның министрлігі мен оның иммиграциялық серіктесі – "Сохнут" Еврей агенттігі, Мәскеу оны жабуға тырысқанына қарамастан, Ресейдегі еврейлерді Израильге көшіру үшін үнемі жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу