Ливанның "Хезболла" радикалды шиіт тобы "уақыты келгенде" Израильге қарсы соғыста ХАМАС-ты қолдауға дайын, деді ұйым жетекшісінің орынбасары Наим Кассем Бейруттің оңтүстігіндегі палестиналықтарды қолдауға арналған шеруде.
Бұған дейін Израиль-Ливан шекарасындағы шиеленісті жағдайға байланысты Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан "Хезболла" жетекшісі Хасан Насралламен кездескен болатын.
Ол Газадағы палестиналықтарға қарсы "соғыс қылмыстарының жалғасуы" қарсыласушылардың ұжымдық жауабын тудыратыны сөзсіз" деп атап өткен еді.
Көпшілік "Хезболла" содырлары бұл шиеленіске араласатын болса, Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс жаңа бағыт алуы мүмкін деп қауіптенеді