Изюм майданы жойылды

684

Харьков маңындағы Украинаның шабуылының нәтижелері Ресейдің шегінуімен аяқталды. 

Изюм майданы жойылды

Украинаның Қарулы Күштері Харьков облысының барлығын дерлік жедел қарсы шабуылда жеңіп, Ресейге үлкен жеңіліс әкелді, деп хабарлады американдық соғысты зерттеу институтының (ISW) күнделікті есебінде.

Шабуылдың алты күнінде украин әскерлері Харьков пен Донбаста орын алған Изюм майданын толығымен жойып, Шығыстағы орыс әскерін Оскол жағалауынан, ал солтүстігінде  мемлекеттік шекарадан қуып шығарды. "Украинаның Изюмді алуы Ресейдің Донецк облысында алға қойған мақсаттарына жету үміт отын өшірді", – деп санайды ISW.

"Қазіргі қарсы шабуыл соғысты тоқтатпайды. Ерте ме, кеш пе, ол аяқталады, ал Ресей Қорғаныс құратыны айдан анық, тіпті, жергілікті қарсы шабуылдарды бастауы мүмкін. Соғыс 2023 жылға дейін созылуы мүмкін. Алайда Украина қақтығыс барысын өзгертіп, бастаманы өз қолына алды. Енді Киев шайқастардың орны мен сипатын таңдай құқығына ие", –  делінген институттың күнделікті есебінде.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу