Jasyl Almaty: Алматыда келер жылы 380 мың ағаш отырғызылады

657

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевөзінің Instagram-дағы аккаунтында  үш жыл ішінде Jasyl Almaty абаттандыру бағдарламасы бойынша 1 млн ағаш отырғызылатынын еске салды. 

Jasyl Almaty: Алматыда келер жылы 380 мың ағаш отырғызылады

"Өткен жылы 135 мың ағаш егілсе, биыл 282 мың. Бұл бес жылдық норма. Көгалдандыру алаңы өткен жылғы 7,7 ш. м бір адамға 8,5 ш. м жетті. Келесі жылы тағы 380 мың ағаш отырғызамыз. Бес жаңа саябақ аймағы құрылады. 2022 жылы бір адамға жасыл желектердің ауданы 11 ш. м құрайды. Норма бойынша 10 ш. м. болуы керек", — деп жазды Б. Сағынтаев.

Көгалдандыру жұмыстарына қарапайым қала тұрғындары, экобелсенділер, бизнес, құрылыс пен сауда компанияларының өкілдері қатысты. Олар көшеттер алып, команда болып жасыл белдеу құруға атсалысуда. Соның бірі Алатау ауданындағы — "Сосновый бор". 

"Жақында 65 га аумаққа 480 қылқан жапырақты ағаш отырғыздық. Бүгінде мұнда үш мыңға жуық ағаш бар. Бұл жер қаланың тартымды аймағына әрі оттегі фабрикасына айналады", — деді мегаполис әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу