Йемен астанасында мыңдаған адам шеруге шықты

892

Йемен астанасында мыңдаған адам шеруге шықты

Йемен астанасы Сана қаласының орталығында 10 мыңға жуық адам Сауд Арабиясы басқаратын коалицияға қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Себебі коалиция ұшақтарының әуеден жасаған соққысынан бейбіт тұрғындар зардап шегіп келеді. Әл-Сабин алаңына шыққан халық осыған ашынады.

Бүгінде Сана бүлікші хуситтердің бақылауында. Елде екі жылдан бері жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар кесірінен шамамен 10 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сонымен қатар, 3 млн адам үйінен безіп, бас сауғалап кетті.

Еске сала кетейік, Сауд Арабиясы басқаратын коалиция бүлікші хуситтерге қарсы соққыны 2015 жылдың наурызында бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу