Йемен астанасы Сана қаласында қарулы қақтығыс болып, салдарынан кемінде 234 адам қаза тапты, 400-ге жуық адам жараланды. Бұл туралы Қызыл крест халықаралық комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.
"Біз уақиға салдарынан 400-ге жуық адамның жарақаттанғанын, 234 адамның көз жұмғанын тіркедік", - деп хабарлады комитеттің баспасөз хатшысы Сумайя Бельтифа.
Қарулы қақтығыс хуситтер мен қаза тапқан экс-президент Әли Абдулла Салехтың жақтастары арасында орын алған.
Еске салсақ, экс-президент өткен сенбі күні халыққа үндеу жасап, йемендіктердің анархия мен хуситтердің банидттік іс-әрекеттерінен шаршағанын мәлімдеген еді. Ол сондай-ақ, өзінің қарсыласы – Сауд Арабиясы мен БАӘ жетекшілік ететін коалицияны да бейбітшілікке шақырды. Салех оларды бауыр санайтынын айтып, агрессия мен блокаданы шешуді, шиеленісті тоқтатуды өтінген еді. Алайда, хуситтер экс-президент жақтастарымен соғысты жалғастырып, Әл Абдулла Салехті өлтіріп, жаңа "азаматтық соғысқа" көрсетті.