Йемен тырысқақ індет өршу Йеменде соңғы бір ай ішінде тырысқақтан қаза тапқандар саны 400-ге жуықтады, деп хабарлайды 24.kz.
Елде 38 мыңнан астам адам осы індетті жұқтырған. Қазіргі уақытта жергілікті билік әлемдік қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Өйткені аурудың таралу қаупі жоғары аймақтағы халық саны 7,5 млн асады. Айта кеткен жөн, Йеменде 2014 жылдан бері үкімет жасағы мен көтерілісші хуситтер арасында қарулы қақтығыс жалғасып келеді. Тырысқақтың тез таралуына осы жайт себеп. Өйткені атыс-шабыс кесірінен сумен қамтамасыз ету жүйесі зақымданған. Салдарынан бүгінде халықтың үштен бір бөлігі тіршілік нәріне зәру болып отыр. Ол аздай соғыстан елдегі жүздеген емхана қирап қалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу