Йемен билігі елдегі ахуалды өз бетінше шешуге қауқарсыз екенін мойындады

877

Йемен билігі елдегі ахуалды өз бетінше шешуге қауқарсыз екенін мойындады

Йеменде тырысқақ ауруын жұқтырғандар жарты миллионнан асты, деп хабарлайды 24.kz.

Ал көктемнен бері бұл індеттен көз жұмғандар 2 мыңға жуықтаған. Жағдайдың бұлай ушығуына 2014-ші жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыс себеп. Өйткені су құбырлары бүлініп, халықтың дені таза ауызсуға жарымай отыр. Ол аздай, атыс-шабыстан ауруханалардың жартысынан астамы жабылған. Жұмыс істеп тұрғандарында дәрі-дәрмек тапшы. 30 мыңға жуық медициналық қызметкердың жалақы алмағанына 1 жылға жуықтап қалыпты. Ал дәрігерлердің айтуынша, тырысқақ індетін жұқтырғандарға дер кезінде көмек көрсетілсе, одан 99 пайыз құлан таза айығып кетуге болады екен. Осы ретте жергілікті билік бұл ахуалды өз бетінше шешуге қауқарсыз екенін мойындап, әлемдік қауымдастықтан көмек сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу