Йеменде әуе соққысынан 39 адам мерт болды

662

Йеменде әуе соққысынан 39 адам мерт болды

Саудия басқаратын коалицияның Йемен астанасына жасаған әуе соққысынан 39 адам ажал құшты. Тағы 100-ге жуық адам жараланған, деп хабарлайды КТК арнасы.

 

Соңғы мәліметтерге қарағанда соққы хуситтердің бақылауындағы әскери полицияның лагеріне түскен. Бұл жерде шамамен 180 тұтқын қамауда болған.

Айта кетейік, Йеменде 2014 жылдан бері азамат соғысы жүріп жатыр. Хуситтер көтерілісшілері елдің халықаралық тұрғыдан мойындалған үкіметінің күштерімен соғысып жатыр. Коалиция хуситтерге қарсы әуе шабуылдарын 2015 жылы наурызда бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу