Йеменде БҰҰ-ның азық қоймасы өртеніп кетті

737

Йеменде БҰҰ-ның азық қоймасы өртеніп кетті

Йемендегі Ходейда портында өрт шықты. Тілсіз жау Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік бағдарламасына тиесілі қоймада тұтанған. Апат кезінде гуманитарлық мақсаттағы азық-түлік пен төсек жабдық және алғашқы көмекке қажетті заттар түгел жанып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Өрт сөндірушілер жалынды өшіруге күш салғанымен, азық-түлік пен мүліктерді арашалап ала алмады.

Айта кетейік, Қызыл теңіз жағалауындағы Ходейда хуситтердің бақылауында тұр. Олар Сауд Арабиясы мен оның жақтастары қолдайтын үкіметпен қарулы қақтығыс жүргізіп келеді. Үш жылға созылған соғыс тұрғындарды титықтатып жіберді. Бүгінде халықтың 4-тен үш бөлігі яғни 22 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж.

"Саяси партия өкілдерімен сөйлесіп, мәселенің мән жайын түсіндірдік. Оларды да тыңдадық. Екінші тараптың да пікірін білдік. Бәрі де жанжалды тоқтатуға мүдделі. Және тығырықтан шығар жол іздейді", - дейді БҰҰ-ның Йемен мәселелері бойынша арнайы өкілі Мартин Гриффитс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу