Йеменде қарулы қақтығыстардан 40 адам қаза тапты

1060

Қарулы сепаратистер Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хадидің үкіметін құлатпақ ниетте.

Йеменде қарулы қақтығыстардан 40 адам қаза тапты

Йеменнің Аден қаласындағы қарулы қақтығыс басылар емес. Салдарынан 40 адам мерт болып, тағы 250 тұрғын жарақат алды. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының гуманитарлық көмек бойынша жетекшісі Лиз Гранте хабарлады, деп жазады 24.kz.

Сонымен қатар ұйым өкілдері қарсылас тараптарды ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін бейбіт түрде келісімге келуге шақырады. Қазір аймаққа ұрыстан зардап шеккендер үшін дәрігерлер жұмылдырылды.

Естеріңізге салайық, аймақтағы Оңтүстік өтпелі кеңес деп аталатын қарулы сепаратистер Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хадидің үкіметін құлатпақ ниетте. 8 тамызда басталған шиеленіске Сауд Арабиясы қолдау білдіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу