Йеменде соғыс. Әлемдік мұнай бағасы қалай құбылмақ?

514

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ пен Ұлыбританияның Йемендегі әскери операциясынан кейін күрт өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Йеменде соғыс. Әлемдік мұнай бағасы қалай құбылмақ? Фото: inbusiness.kz

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің құны Астана уақытымен 13:12-дегі сауда деректері бойынша 2,29 пайызға өсіп, барреліне 79,19 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстері 2,34 пайызға өсіп, барреліне 73,71 долларды құрады.

Бұған дейін сауда-саттықта эталондық мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатқаны хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу