Йеменде су тасқынынан 61 адам қаза тапты

203

Табиғи апаттан қаза тапқандар туралы соңғы деректер шықты. 

Йеменде су тасқынынан 61 адам қаза тапты Фото: Gismeteo

Йеменде жауған нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 61 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қаза тапқандар туралы соңғы деректер елдің солтүстік-шығысындағы Мариб провинциясынан алынды. Онда төрт қоныс аударушы қайтыс болып, тағы 20 адам жарақат алған.

Бұдан басқа 7 мыңнан астам қоныс аударған отбасы Марибада болған қатты жаңбыр, жел және найзағайдан зардап шеккені айтылады.

Тағы 2973 отбасы қатты зардап шеккен, ал 4206 отбасы ішінара шығынға ұшырады.

Йеменнің Ұлттық метеорологиялық орталығы ахуалдың нашарлауына байланысты бүкіл ел бойынша азаматтарға үндеу жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу