Йеменде жанармай бекеті жарылып, 10 адам қаза тапты

158

Тағы 65 адам әртүрлі жарақат алған.

Йеменде жанармай бекеті жарылып, 10 адам қаза тапты Фото: Anadolu Agency

Йеменнің әл-Байда провинциясында мұнай-газ қоймасы мен оған жақын маңдағы жанармай құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сахер ауданында болған жарылыс толқыны тудырған тізбекті реакциядан көршілес орналасқан екі жанармай құю станциясы мен жақын маңдағы коммерциялық қоймалар да отқа оранған.

Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, жанар-жағармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 65-тен астамы жарақат алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу