Йеменге 2 млрд доллардың гуманитарлық көмегі қажет

653

Йеменге 2 млрд доллардың гуманитарлық көмегі қажет

Йемендегі қақтығыстан қажыған халыққа гуманитарлық көмек жеткізу үшін шамамен 2 млрд АҚШ долларынан астам қаржы қажет. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевада өткен отырысында хабарланды.

Бүгінде Йеменде 17 млн адам көмекке зәру. Оның 7 миллионы аш құрсақ жүр. Сонымен қатар, әрбір 10 минут сайын емдеуге болатын дертке шалдыққан бес жасқа дейінгі бір бала көз жұмады. Елдегі тұрақсыздық пен қақтығыстан қажыған 3 млн адам бас сауғалап, өзге мемлекетке ауып кеткен.

Йемен жұрты тап болған қасіретке Еуроодақ билігі 116 млн еуро бөлді. Мұндай мәлімдемені Еуропалық комиссияның гуманитарлық мәселелер жөніндегі өкілі Христос Стилианидис жасады.

Оның айтуынша, Брюссель йемендіктерге елдегі қақтығыс тоқтағаннан кейін де жәрдем беруге дайын. Айта кетейік, бұл елдегі азаматтық соғыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу