Йеменге әуеден жасалған соққыдан 52 адам қаза тапты

591

Саудия басқаратын халықаралық коалиция әскери ұшақтармен теңіз айлағын, балық сататын базар мен аурухананы атқылаған.

Йеменге әуеден жасалған соққыдан 52 адам қаза тапты

Саудия басқаратын халықаралық коалиция Йемендегі Ходейда қаласына әуеден соққы жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Әскери ұшақтар теңіз айлағын, балық сататын базар мен аурухананы атқылаған.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 52 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланған. 

Йеменде 2014 жылдан бері үкімет пен бүлік шығарған хуситтер арасында жанжал жалғасып жатыр. Иран қолдайтын хуситтер сол кезде елдің басым бөлігін өз бақылауына алған болатын. 2015 жылы бұл шиеленіске Саудия басқаратын халықаралық коалиция араласты.

Соңғы кезде коалиция Ходейда қаласына шабуылды үдетті. Қызыл теңізде осы айлақтың стратегиялық маңызы зор. Ол арқылы хуситтер қарамағындағы аймаққа азық-түлік пен қажетті заттар жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу