Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясымен және "Қазақстанның туристік индустриясы" өзін-өзі реттейтін республикалық ұйымымен бірлесіп, Jibek Joly атты бірегей туристік пойызды іске қосады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бес күнге жалғасатын халықаралық маршрут саяхатшыларға ежелгі қалалардың атмосферасын сезінуге, өңірдің рухани мұрасымен танысуға және Ұлы Жібек жолының тарихи және мәдени көрікті жерлерін ашуға мүмкіндік береді. Бағдарламаға кәсіби гидтің қызметі, заманауи вагондарда тұру, тамақтану және экскурсия кіреді.
Маршрут мына нысандарды қамтиды:
- Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
- Арыстанбаб кесенесі
- "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени музей-қорығы
- Ташкенттегі Хазрет Имам кешені және Самарқандтағы Регистан алаңы.