Johnson & Johnson екпесі тиімсіз деп танылды

546

"Джонсон энд Джонсон" компаниясы адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы вакцинасын сынақтан өткізуді тоқтатады.  

Johnson & Johnson екпесі тиімсіз деп танылды Фото: Dado Ruvic/Reuters

Бұл туралы "Хабар 24" хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Препарат қауіпсіз болғанымен, тиімсіз деп танылған. Клиникалық сынақтың 3-кезеңінің нәтижесі осындай. Зерттеу 2019 жылы басталған. Оған Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан 4 мыңға жуық адам қатысы. Бұған дейін осы Johnson & Johnson компаниясының тағы бір препаратын тексеру жұмыстары сәтсіз аяқталған еді.

Бүгінде адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы вакциналарды Модерна және тағы бірнеше компания сынақтан өткізіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу