Johnson & Johnson Еуропада өз вакцинасын қолданысқа әзірге енгізбейді

644

Бұрын АҚШ тыйым салмақшы болған еді.

Johnson & Johnson Еуропада өз вакцинасын қолданысқа әзірге енгізбейді

Америкалық Johnson & Johnson компаниясы Еуропада өз вакцинасын қолданысқа енгізу процесін кейінге қалдырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның мұндай қадамға баруына вакцинациядан кейін қан ұйығының пайда болуы мәжбүр еткен.

"Біз бұл жағдайды еуропалық денсаулық сақтау органдарымен бірге қарастырамыз", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Бұрын АҚШ Johnson & Johnson жасап шығарған вакцинаның қолданылуына тыйым салмақшы болған еді. Құрама Штаттардың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасының мәліметіне сүйенсек, АҚШ-та бұл препараттың 6,8 миллионнан астам дозасы егілген. Вакцинаны қабылдағандардың алтауында тромбоздың ауыр түрі тіркелген.

Сәуір айының басында The New York Times тілшілері компанияның Балтимордағы зауытының қызметкерлері вакцина ингредиенттерін араластыру кезінде қателік жібергенін хабарлады. Айтуларынша,  салдарынан екпенің 15 миллион дозасы пайдаға жарамай қалған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу