Johnson & Johnson опиоид ісіне қатысты 572 млн доллар айыппұл төлейді

874

АҚШ-та Оклахома штатының билігі компанияны опиоид дағдарысының өршуіне себепкер болған деп айыптады. 

Johnson & Johnson опиоид ісіне қатысты 572 млн доллар айыппұл төлейді

Жергілікті билік оның салдарынан 6 мың адам қаза тапты деп отыр. Бірақ J&J өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты. 

CNN дерегі бойынша, Оклахома штатының соты компанияны 572 млн доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген. 
Тад Болкмен есімді сот өкілі компания адамдарға жалған ақпарат таратып, Оклахомадағы опиоид дағдарысының өршуіне түрткі болды деп отыр.  Johnson & Johnson болса, сот шешіміне шағымданатынын мәлім етті. 

"J&J иелігіндегі Janssen компаниясы Оклахомадағы опиоид дағдарысына түрткі болмады. Ешбір факт, ешбір заң сот шешімін растай алмайды",–деді Johnson & Johnson компаниясының атқарушы вице-президенті Майкл Уллманн.

Johnson & Johnson – америкалық холдингтік компания. Ол дәрі-дәрмек, санитарлы-гигиеналық тауар мен медициналық жабдықтарды шығаратын 250-ге жуық еншілес компанияны басқарады. Компания 1887 жылы тіркелген. Оның штаб-пәтері – Нью-Джерси штатындағы Нью-Брансуик қаласында орналасқан.   

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу