Joint Resources "Шұбаркөл Премиум" акцияларын сатып алады

1000

"Шұбаркөл Премиум" АҚ жай акцияларының 2 797 920 данасын сатып алмақ.

Joint Resources "Шұбаркөл Премиум" акцияларын сатып алады

"Joint Resources" АҚ "Шұбаркөл Премиум" АҚ жай акцияларының 2 797 920 данасын артықшылықты сатып алу құқығын қолдану арқылы сатып алмақ. Бұл туралы KASE сайтында жарияланды.

Бір акцияның құны – 2 221 94 теңге.

"Joint Resources" АҚ Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, инвестициялық қызметті жүзеге асыратын, активтерді басқару жөніндегі компания.  

Ал "Шұбаркөл Премиум" АҚ көмір өнімдерін барлау, өндіру, сату және сатып алуды, сонымен бірге тау-кен жұмыстарын жүргізеді. Компания акцияларының 67% -ы "Joint Resources" АҚ-ға, 16,5% –"Trans Coal Investment Group" ЖШС-ға, 16,5% – "FCI Management LLP" ЖШС-ға тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу