"JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL" коллекциялық монетасы айналымға шығады

495

Монеталар ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай шығарылған.

"JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL" коллекциялық монетасы айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық Банкі номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан "JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Монеталар Қазақ КСР Халық жазушысы, "Қыран дала", "Мен қазақпын", "Жыр туралы", "Сел" және басқа да шығармалардың авторы, қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай шығарылып отыр.

Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында  хабарланатын болады.

"JUBAN MOLDAǴALIEV. 100 JYL" монетасының сипаттамасы:

Монетаның аверсінде орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра "QAZAQSTAN  ULTTYQ  BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіру үшін "100 TEŃGE" деп жазылған.

Монетаның реверсінде Жұбан Молдағалиевтің портреттік бейнесі орналастырылған. Сол жақта мерейтойлық датасы мен соғылған жылын білдіретін "100 JYL", "2020" деген жазулар бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде "JUBAN MOLDAǴALIEV" деген жазу бар.

Техникалық өлшемдері:

Монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы "brilliant uncirculated", номиналы 100 теңгелік, таралымы – 7 000 дана.

Монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық  түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу