Беларусь елінде өткен Junior Eurovision байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды 24.kz.
Беларусь астанасы Минскіде "Балалар Евровидениесі" конкурсы аяқталды. Халықаралық ән байқауында Польша өкілі Роксана Вегель топ жарды.
Жас өрендер додасына тұңғыш рет қатысқан Қазақстан да өз жүйрігін қосты. Минскідегі ән сайысында отандасымыз Данэлия Тулешова қазақ және ағылшын тілінде "Өзіңе сен" атты композицияны орындады. Данэлия осы әнімен Алматыдағы Ұлттық іріктеуде жеңіске жеткені белгілі.
Минскіде 20 елдің күміс көмей жас таланттары қатысқан айтулы сында қазақстандық өнерпаз алтыншы орынға ие болды. Ол 171 ұпай жинап, ән байқауында көрермен көзайым болып, онлайн дауыс беруде үздік үштіктен көрінді. 2018 жылғы "Евровидение" конкурсының екінші орыны француз қызы Анджелинаға бұйырды. Австралиялық Джаэль үздік үштіктен көрінді.
Еске сала кетсек, қарашаның 23-нен 24-не қараған түні Junior Eurovision -2018 байқауының қатысушыларына дауыс беру басталған еді.