Junior Eurovision мәресіне жетті: Қазақстан 15-орын иеленді

856

Армения астанасы Ереван қаласында өткен "Junior Eurovision-2022" халықаралық ән байқауында франциялық өнерпаз жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Junior Eurovision мәресіне жетті: Қазақстан 15-орын иеленді Фото: khabar24.kz

Аталған өнер сайысында Қазақстан атынан Давид Чарлин өнер көрсетті. Ол сахнаға үшінші болып шығып, жоба үшін арнайы жазылған "Жер-Ана" атты әнін орындады.

Дауыс беру барлық қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін басталып, 15 минут бойына жалғасты. Байқау нәтижесі ұлттық жюридің бағалауы мен әлемінің 178 елінің халқы берген онлайн-дауыс қорытындысы бойынша шығарылды. Оған сәйкес, франциялық әнші Лиссандро "Oh Maman!" туындысымен жеңіске жетті. Екінші орынды Армения елінің қатысушысы Наре иеленсе, грузиялық өнерпаз Мариам Бигвава үшінші орынға тұрақтады.

Ал қазылар алқасы қазақстандықтың Давид Чарлиннің өнеріне - 5, көрермендер - 42 бал беріп, жалпы есепте 47 ұпай жинады. Осылайша, Қазақстан "Junior Eurovision-2022" халықаралық ән байқауында 15-орын иеленді.

Ән байқауының тікелей трансляциясы "Хабар" телеарнасының эфирінде, сондай-ақ Junior Eurovision-нің YouTube-арнасында жүргізілді.

Айта кетейік, Қазақстан "Junior Eurovision" додасына осымен бесінші рет қатысты. Биыл ән байқауында елімізден бөлек, 15 еуропалық мемлекеттің жас әншілері бақ сынады.

Еске салсақ, 2018 жылы бұл байқауға Қазақстан атынан алғаш болып жас әнші Данелия Тулешова қатысып, 6-орынға тұрақтаған болатын. 2019 жылы жалпы дауыс беру нәтижесінде Ержан Максим 2-жүлделі орынға ие болды. 2020 жылы Қарақат Башанова да 2-орынға табан тіреді. Былтыр Қазақстаннан Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин қатысып, 19 елдің ішінен 8-орынға тұрақтаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу