Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп өзгертті

144

Банк жарғысына тиісті өзгертулер 2025 жылдың 15 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен енгізілген.  

Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп өзгертті Фото: jusan.kz

Заңды түрде банктің атауы мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күннен бастап өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атауды ауыстыру банктің жаңаруын, оның дамуға және жаңғыруға деген ұмтылысын білдіреді.

"Банктің атауының өзгеруі – бұл атау жазылған маңдайшаның өзгеруі ғана емес. Бұл біздің стратегиямыздың, амбициямыздың және қаржы институтын одан әрі дамытуға қатысты көзқарасымыздың көрінісі. Alatau City Bank тұрақтылыққа, сенімге және ұзақмерзімді серіктестікке баса назар аудара отырып, Jusan Bank қалыптастырған берік іргетасқа негізделеді",  - деді Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Кожахметов.

Банк Қазақстанның барлық өңірлерінде жеке тұлғаларға, кәсіпкерлерге және корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең ауқымын ұсынатын ірі әмбебап қаржы институты болып қала береді. Банктің мемлекет, клиенттер және серіктестер алдындағы барлық ағымдағы міндеттемелері өзгеріссіз қалады, ребрендинг қызметтер мен өнімдердің жұмысына әсер етпейді.

Банктің офистері мен бөлімшелерінің визуалды ресімделуін және өзге де көрнекіліктерін жаңарту процесі біртіндеп жүзеге асырылатын болады.

Alatau City Bank Қазақстанның жетекші банктерінің бірі, активтер мөлшері бойынша елдегі 6 банктің қатарына кіреді және меншікті капитал көлемі бойынша 3-орында тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу