Jusan Bank пен АТФБанк бірігеді

961

Аталған процесс аяқталған соң, Jusan Bank активтер мен капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді.  

Jusan Bank пен АТФБанк бірігеді

Jusan Bank пен АТФБанк акционерлерінің бірлескен жиналысында АТФБанк-ті Jusan Bank-ке қосу жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлады inbusiness.kz  Jusan Bank-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл ретте қос қаржы институтын қосу 2021 жылдың соңына дейін аяқталады. 

"Клиенттік базаларды біріктірудің және заманауи технологияларды енгізудің арқасында қосылғаннан кейін, нарықтағы 10%-дан  асатын үлесіміздің одан әрі қарқынды ұлғаятынына сенімдіміз", – деді Jusan Bank директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.

Қос қаржы институтының қосылуының нәтижесінде Jusan Bank еліміз бойынша 1,1 мың бірліктен асатын ең ірі банкоматтар желісі мен 180-нен астам бөлімшелерді қамтымақ.

"Аталған процесс аяқталған соң, Jusan Bank активтер мен капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне енетін болады", деп жазылған хабарламада. 

Осылайша, бірігу аяқталғаннан кейін Jusan Bank активтерінің көлемі шамамен 3 трлн теңгені құрайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу