Бұл қызметті 2019 жылдан бері Айбек Қайып атқарып келген.
"Айбек Қайып директорлар кеңесіне одан әрі кәсіби дамуын жалғастыруына байланысты басшылық қызметтен босатуды және басшылыққа қызметке аз қатысуды қамтамасыз ететін басқа қызметке ауыстыруды сұрап жүгінді", – делінген хабарламада.
Ал Айдосов бұған дейін Jusan Private Banking және Jusan Invest тобының инвестициялық бөлімшесін басқарған.
Jusan Bank 2019 жылы ірі қазақстандық Цеснабанкті (акционері Әділбек Жақсыбеков болды) және First Heartland Bank шағын коммерциялық банкін біріктіру арқылы құрылды. Бұған дейін Цеснабанк Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры ұйымдарының тобына тиесілі First Heartland Securities инвестициялық компаниясына берілді. Жаңа қожайындар оның капиталына 70 миллиард теңге салған.
1 ақпандағы жағдай бойынша First Heartland Jusan Bank активтерінің көлемі бойынша 22 қазақстандық банк арасында 5-орында.