Jýsan Bank АТФБанк акцияларын сатып алды

1317

Алдын-ала келісімге 2 қараша күні қол қойылған болатын.

Jýsan Bank АТФБанк акцияларын сатып алды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келісімін алғаннан кейін
Jýsan Bank АТФБанк акцияларының 99,76%-ын алды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

Келісімшартқа сәйкес, АТФБанкінің 14 млрд теңге көлеміндегі меншік капиталы қосымша провизиялар құру үшін жұмсалған. Қазіргі акционер Jýsan Bank шығынды жапқаннан кейін тиісті талаптарға сәйкес меншікті капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастыра отырып, АТФ Банкке 97 млрд теңге көлемінде үстеме капиталдандыруды жүргізген.  

АТФБанкті сатып алудың нәтижесінде Jýsan тобына кіретін екі банк активтерінің жиынтық көлемі 3 трлн теңгені немесе Қазақстанның банк секторы активтерінің  10%-ын құрайды деп күтілуде. Осылайша, екі банктің өтімділігі жоғары активтерінің жиынтық мөлшері 1,3 трлн теңгеден асып отыр, бұл – Қазақстан нарығындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Jýsan Bank бақарма төрағасы Айбек Қайып: "Екі банктің қосылуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, бизнестің дамуына ықпал етеді. Ал АТФБанктің клиенттерге қызмет ету жүйесі бұрынғыдай жүргізіле береді" деп сендірді.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 30 желтоқсан күні АТФБанк акционерлерінің кезектен тыс жалпы отырысы өтіп, онда директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Директорлар кеңесінің төрағасы болып, Шигео Катсу (Shigeo Katsu) сайланса, Ербол Орынбаев, Евгений Пан, Айбек Қайып  – директорлар кеңесінің мүшелері, ал Жарқынбек Азбеков пен Марат Жауханов – директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болды.

Сондай-ақ, АТФБанк басқармасының жаңа құрамы бекітілді. Бақарма төрағасы болып, Ғалия Маханова, оның бірінші орынбасарлығына Владислав Ежов сайланды.

Басқарма төрағасының орынбасарлары: Әлімжан Әлмәмбетов, Мирас Шайхысламов, Асқар Хамидуллин, Денис Середенко. Ал Мақсат Сайлыбаев басқарушы директор болып тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу