Қ.Сәтбаев атындағы су арнасының сорғы станциясы қайта іске қосылды

847

Су қоймасын тіршілік нәрімен толтыру жұмыстары басталды.

Қ.Сәтбаев атындағы су арнасының сорғы станциясы қайта іске қосылды

29 тамыз күні Екібастұз қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы су арнасында өрт шығып, жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде №2 сорғы станциясын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

"Бүгінде №1-4 сорғы станциялары штаттық режимде жұмыс істейді. Екібастұз қоймасына су толтыру жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай жарияланған тұста мұнда 17 млн текше метр су болған еді. Бұл көлем екі аптаға жалғасқан жөндеу жұмыстары кезінде екібастұздықтарды сумен қамтуға жеткілікті болды.

Еске сала кетейік, апаттық жағдайдан туындаған шығын көлемі 270 млн теңгеге бағаланған еді.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу