Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанның Тайваньға қатысты ұстанымын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Телеарна журналисі Қазақстан Президентінің мемлекеттің аумақтық тұтастығы туралы сөзін еске алып, Тайвань туралы пікірін сұрады.
"Біз бұл мәселе әлемдегі барлық адамдарға түсінікті болуы керек деп санаймыз. "Екі Қытай" болмауы керек. Тайвань – Қытайдың бір бөлігі. Барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидаты Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысында бекітілген, оны сақтау қажет. Бұл қағида Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Декларациясы мен Жарғысына да енгізілген. Сондықтан мен тағы да қайталаймын: "Тайвань – Қытайдың бір бөлігі". Бұл туралы бізде ешқандай күмән жоқ", - деді Тоқаев.