Қасым-Жомарт Тоқаев: Қайтарылған жер жергілікті шаруаларға бөлініп берілуі тиіс

703

Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қайтарылған жер жергілікті шаруаларға бөлініп берілуі тиіс Фото: akorda.kz

"Жетісу өлкесінің ауыл шаруашылығындағы әлеуеті өте зор. Табиғаты – жайлы, жері – құнарлы. Мұнда жер де, су да жетеді. Тек оны тиімді пайдалану керек. Менің тапсырмам бойынша Үкімет биыл 5 миллион гектарға жуық бос жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарды", деді Президент.

Мемлекет басшысы осылайша жер тапшылығы мәселесі шешілетінін айтты.

"Біз осылай ауылдардың маңындағы жер тапшылығы мәселесін шешеміз. Қайтарылған жер жергілікті шаруалардың арасында әділ бөлініп, берілуге тиіс. Бұл әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болады. Бүгінде Жетісу облысы бойынша 100 мың гектардан астам игерілмей жатқан жер анықталды. Соның жартысы мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер – халықтың байлығы. Ол барлық азаматтың игілігіне жарауы керек. Әкімдер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы қажет", деді ол.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу өңіріне жұмыс сапары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу