Осылай деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясаттың дәйекті жүргізілетінін айтты. Қазір әр азаматтың Тәуелсіздік құндылықтары үшін жанқиярлықпен қызмет етуі маңызды. Келер жылы Егемендігіміздің 30 жылдығы. Ешқандай даңғаза акциялар мен шаралар болмайды. Еліміздің бас мейрамы нақты іспен, жаңа жобалармен атап өтіледі. Барлық жұмыста үнемділік болады деді Президент. Үкімет экономикадағы, экологиядағы және әлеуметтік саладағы кешенді шараларды жалғастырады. Әсіресе жастардың, әйелдер мен мүгедектердің қажеттіліктеріне ерекше назар аударылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу