Президент Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына араша түсті
13 Қыркүйек 2019 21:25 1146

Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуовтің сөзінше, отандасымыздың анасы жолдаған хатпен мемлекет басшысы танысқан. Осыған орай, ол Бейжіңдегі кездесулерде Қытай тарапына жеке өзінің өтінішін жеткізген. Бұл мәселе алдағы уақытта жан-жақты талқыланбақ.