Қ.Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

537

Президентке Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді.    

Қ.Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берді. Бұдан басқа зейнетақы қоры, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы да баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк осы жылдың қаңтарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына арнап 120 миллион доллар сатып алғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу