"Жетісудағы ұлттық парктерде құны 3 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Оған ірі инвесторлар тартылды. Қорықтарға апаратын жолдар жөнделіп жатыр. Мұнда Орталық Азиядағы ең биік "Бұрхан бұлақ" сарқырамасына сай ішімен баратын жол салынады", – деді Президент.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Алакөл мен Балқаштың туристік әлеуетін арттыру бағытында бірқатар жобалар қолға алынған.
"Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшып-қону жолағы жөнделді. Өткен екі жылда Алакөлде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бюджеттен 16 миллиард теңге бөлінді. Көлдің жағасында кәріз желісін салу үшін құрылыс жұмыстары басталды. Балқаштың туристік әлеуетін арттыру үшін бірнеше жоба қолға алынды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.