Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру бастамасын қолдау қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев

817

Қазақстан Президенті Жетісу жерінен шыққан азаматтардың еңбегіне өз бағасын берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру бастамасын қолдау қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: 7-su.kz

"Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал. Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті. Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан бастаманы қолдау қажет деп санаймын", деді Жетісу халқымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу