Қазақстан шекарасында заңнама бұзған 4 323 адам жауапқа тартылды

198

Оның ішінде 3 565 шетел азаматы бар.

Қазақстан шекарасында заңнама бұзған 4 323 адам жауапқа тартылды Фото: Казахстанская правда

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы сәуірде шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 бұзушы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1 455 фактісінің алды алынды, оның ішінде:

  • 37 факті – есірткі заттары;
  • 92 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
  • 357 факті – жанар-жағармай материалдары;
  • 793 факті – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
  • 176 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

– Каспий акваториясында 90 браконьерлік фактінің алды алынды және Қызыл кітапқа енгізілген 617 дана бекіре тұқымдас балық, тоғыз бас каспий итбалығы табиғи мекендеу ортасына жіберілді, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Заңсыз балық аулар құралдары алынды:

  • 41 дана – жүзу құралдары;
  • 118 км – торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • Алды алынған залал сомасы – 1 млрд 900 млн теңге.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу