Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Әзірше бұл жобадан бас тарттық. Өйткені қаржылық жағынан... бізге аса пайдалы емес деп ойлаймыз. Сондықтан Қабанбай, Тұран және Мәңгілік ел даңғылдарын кеңейту үшін басқа тәсілдерді қарастыру керек. Бірақ кез-келген жағдайда, бұл мәселені шешу керек", – дейді Өскенбаев.
Аталмыш жобада даңғылды "Салтанат Сарайы" сарайынан бастап халықаралық әуежайға дейін 6-8 жолаққа дейін кеңейту қарастырылған болатын. Осы мақсатқа қытайлық Эксимбанктен қарыз алу жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу