Қабанбай батыр даңғылында көлікпен жүруге рұқсат берілді

1081

Елордада Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолағы "Сергек" жүйесінен алынып тасталады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Қабанбай батыр даңғылында көлікпен жүруге рұқсат берілді

"Өткізу қабілетін арттыру мақсатында бүгіннен бастап Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолағы "Сергек" жүйесінен алынып тасталады. Автобус жолағына түскен көлік тіркелмейді. Алайда бұрынғысынша жылдамдық режимін тіркеу жүргізіле береді", делінген хабарламада.

Департаменттің мәліметінше, жол белгілерін өзгерту 2021 жылғы көктемгі-жазғы кезеңде ауа райы қолайлы болған кезде жүргізіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу